«Нұр жолы», «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді

«Нұр жолы», «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді

«Нұр жолы», «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді
ашық дереккөзі
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақ-қытай шекараcындағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша, Достық және Алтынкөл шекара маңындағы темір жол станцияларының басшылары қызметтен босатылды. Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.