Республикалық бюджет туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

Сенат депутаттары «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын пленарлық отырыста қарастырып, өздерінің түзетулерімен Мәжіліске қайтарды.

Сенаттың профильді комитетінің қорытындысында заң жобасын талқылау барысында депутаттар мен комитеттердің ұсыныстарын ескере отырып, белгілі бір өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады делінген.

Сенат түзетулері ШҚО, Павлодар облыстарындағы сумен қамтуға бағытталған жобаларды, Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы автокөлік жолдарын жөндеу, тұрғын үй салу, Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газбен қамту жобаларын қаржыландыруды арттыруды көздейді. Бұл жобаларды жүзеге асыруға қосымша 2017 жылы 26,1 миллиард  теңге, 2018 жылы — 16,8 миллиард теңге, 2019 жылы 10,1 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының өзгерістеріне байланысты бұқаралық кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуға 113,5 миллиард теңге бөлінбек.

Заң процедурасына сәйкес, бұл өзгерістерді енді Мәжіліс депутатары қолдауы керек.

 

Back to top button