Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын

Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын

Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын
ашық дереккөзі
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.
«Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі зор», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцина сапасы жағынан шетелдік баламалардан кем түспейді. Мәселен, «QazVac» вакцинасының тиімділігі 86-92 пайыз аралығында. Вице-премьер бірлескен жұмыстың жалғасатынын баса айтты.
«Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарды. Сондықтан, бұл  - үлкен жетістік. Осы орайда, біздің ғалымдарға алғыс айтамыз. Енді ары қарай жұмыс істеуіміз керек. Ғалымдарға қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын», - деді Ералы Тоғжанов.