Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлерге рақымшылық жасалды

Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлерге рақымшылық жасалды

Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлерге рақымшылық жасалды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында екпе паспортын сатқан дәрігерлерге қатысты қылмыстық істер рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда екі емхана қызметкерінің вакцинация паспортын қолдан жасау дерегі былтыр шілдеде анықталған. Факт ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Бұл бапқа сәйкес дәрігерлерге 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тергеушілердің айтуынша, дәрігерлер ақылы түрде жүздеген жалған құжат жасаған. Күдіктілердің арасында менеджер, дәрігер және 2 медбике бар. Былтыр қарашада жергілікті емхананың медбикелерінің бірі жалған екпе төлқұжаттарын сатқаны үшін 160 мың теңге алғаны белгілі болды. Алайда павлодарлық дәрігерлердің ісі сотқа дейін жеткен жоқ. Соталды тергеп-тексеру барысында медицина қызметкерлері рақымшылық жасау туралы өтініш берген.
«ҚР ҚК 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзу дерегі ауырлығы орташа қылмыстарға жатады және осы заңның қолданылу аясына жатады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының заңды күшіне енуіне байланысты қылмыстық істер ҚР ҚІЖК 35-бабының 1-бөлігі, 3-тармағы негізінде тоқтатылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.