400 миллион теңге: 3 алаяқ әйел 500-ге жуық тұрғынды алдаған

400 миллион теңге: 3 алаяқ әйел 500-ге жуық тұрғынды алдаған

400 миллион теңге: 3 алаяқ әйел 500-ге жуық тұрғынды алдаған
ашық дереккөзі
Шымкент полицейлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 3 әйелді ұстады, деп жазды turkystan.kz. Былтыр күзде қала дүкендерінің бірінде 3 әйел жергілікті тұрғынға келіп, тез байып кетудің оңай жолын ұсынған. Әйелдер оны 1 миллион теңгенің несиесін алуға көндірген. Ал несиені өздері төлейміз деп сендірген екен. Сөйтіп, аңқау келіншек 300 мың теңгені өзіне қалдырып, қалған 700 мыңды бейтаныс әйелдерге береді. Алайда, несие төлейтін уақыт келгенде алаяқтар қоңырауға жауап бермей қойған соң жәбірленуші полицияға арыз берген. Полиция қызметкерлері куәгер болуы мүмкін адамдармен әңгімелескен соң алаяқтардың жаңа құрбандарын іздеуі мүмкін жерлердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын тексереді. Көп ұзамай, жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, әйелдердің жеке басын анықтайды. Қамауға алынған алаяқтар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Шымкент қалалық Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, тергеу барысында сол әдіс бойынша алаяқ әйелдердің 500-ге жуық адамды алдағаны анықталған. Ұсталғандардың келтірген жалпы шығыны – 400 миллион теңге.
«Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 азаматша ұсталды. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, бір схема бойынша бірнеше қылмыс жасады. Бұл әйелдер күдікті деп танылып, қамауға алынды», - деді әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Спандияр Зайнидин.