Қару иелері баж салығын төлеп, оны сақтандыруға міндеттеледі

Қару иелері баж салығын төлеп, оны сақтандыруға міндеттеледі

Қару иелері баж салығын төлеп, оны сақтандыруға міндеттеледі
ашық дереккөзі
Былтыр қарулы адам АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында жаппай атыс ұйымдастырған болатын. Атыс салдарынан 8 адам қаза тапты. Осы қайғылы оқиғадан кейін жергілікті билік халық қару-жарақтарын сақтандыруға міндетті деген шешім шығарды, деп жазды turkystan.kz San Jose News-ке сілтеме жасап. Порталдың хабарлауынша, бұл қадамнан түскен қаржы атыс қаруын кездейсоқ қолданудың салдарынан болған шығындар мен залалдарды, соның ішінде абайсызда қайтыс болуды, жарақат пен мүліктің зақымдануын жабуға жұмсалатын болады. Сан-Хосе қаласының мэрі Сэм Ликкардо сақтандырудан басқа, қару иелері жыл сайынғы төлемді төлеуге мәжбүр болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сақтандырудың екі түрінен алынған қаражат зорлық-зомбылық пен қару-жарақтың зиян деңгейін төмендетуге бағытталған бастамаларға жұмсалады. Сондай-ақ 55 мың мылтық пен тапаншасы бар қала тұрғынары сейфтер сатып алуға және қаруды қауіпсіз ұстау курстарына қатысуға міндетті болады. Дегенмен сақтандыруы жоқ азаматтар қару-жарақтарынан айырылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сөйтіп, Сан-Хосе тәуекелдерді сақтандыру туралы заң қабылдаған АҚШ-тағы алғашқы қала атанды. Айта кетсек, АҚШ Конституциясындағы екінші түзету американдықтардың атыс қаруын иелену құқығына кепілдік береді.