Өскеменде полицейді арандатқан ер адам жазаланды

Шығыс Қазақстан облысында алкогольді ішімдікке тойып алып, полицейге дөрекі мінез көрсеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласында тұрғындар шақыртуымен келген учаскелік полицейді арандатқан мас адамның видеосы тараған болатын. Бұл видео шығысқазақстандықтар арасында түрлі пікір тудырды. Желі қолданушылары учаскелік полицейді «қызметші», ал өзін «қожайын» ​​деген ер адамның әрекеті мен жүріс-тұрысына ашуланды.

Сот жұрттан кешірім сұрап, жасаған әрекетіне өкінген ер адамды қамауға алу туралы шешім шығарды.

«1981 жылы туған айыпталушыға қатысты ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі («Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау») қолданылған. Бап санкциясында 5 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделген», – деп түсіндірді қалалық полиция бөлімінің өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button