Жаңалықтар

Бас санитар Ерлан Қиясов қызметінен кетті

ашық дереккөзі

Бас санитар Ерлан Қиясов қызметінен кетті

Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Ол 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалған болатын.