Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Конституциялық нормаларға сәйкес, Палата төрағасының орынбасарына кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, бұл лауазымға Ольга Валентиновна Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Ольга Валентиновнаны баршаңыз жақсы білесіздер, өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Соңғы төрт жылдан астам уақытта Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарды», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында.
Сенат регламентіне сәйкес, палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.