Трамп өзін «АҚШ-тың келесі президентімін» деп мәлімдеді (ВИДЕО)

Трамп өзін «АҚШ-тың келесі президентімін» деп мәлімдеді (ВИДЕО)

Трамп өзін «АҚШ-тың келесі президентімін» деп мәлімдеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Дональд Трамптың гольф ойынындағы серіктесі түсірген видео пайда болды. Онда ол тағы да ел басқарудан дәмелі екенін жасырмайды, деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Видеодан саясаткердің достарымен бірге гольф ойнап жатқанын көруге болады. Бір кезде әріптесі жерден гольф добын алып жатқан Дональд Трампты камераға:
«Келесі кезек Америка Құрама Штаттарының 45-президентінде», - деп бұрынғы мемлекет басшысы ретінде таныстырады.
Соңғы кезде көпшілік назарынан көрінбей кеткен экс-президент бұған алдағы үлкен саяси додаға түсуге ниетті екендігін білдіреді.
«45-ші және 47-ші президенті!» - деп мәлімдейді Дональд Трамп камераға қарап.
Қазіргі уақытта бұл ойынның қашан болғандығы және бұл жазба көпшілікке таратуға арналғаны, не  арналмағаны белгісіз. Трамптың баспасөз қызметі бұл сөздер туралы түсінік берген жоқ. Айта кетсек, АҚШ-тағы келесі президент сайлауы 2024 жылы өтеді. Саяси науқанда жеңіске жеткен адам Америка Құрама Штаттарының 47-президенті болмақ. Сол себепті, Дональд Трамп ойын кезінде Республикалық партиядан мемлекет басшысы лауазымына тағы да таласуға ниетті екенін меңзеп отырғандай.