Ухань ғалымдары коронавирустың жаңа түрі туралы ескертті

Ухань ғалымдары коронавирустың жаңа түрі туралы ескертті

Ухань ғалымдары коронавирустың жаңа түрі туралы ескертті
ашық дереккөзі
Қытай ғалымдары жуырда Оңтүстік Африка Республикасында анықталған NeoCoV коронавирусының бір мутациядан кейін адам популяциясына еніп кету қаупі туралы мәлімдеме  жасады, деп жазды turkystan.kz. Мамандардың айтуынша, адам ағзасымен әрекетке түсу үшін вирусқа белгілі бір мутация керек. Қазір ол жарқанаттарға қауіп төндіруде. Соған қарамастан NeoCoV-тың табиғаты әзірге жұмбақ болып тұр.
«Бұл топтағы вирустың таралуын адамдарда пайда болу әлеуетін ескеріп, мұқият бақылау қажет», – делінген хабарламада.