«Атамекен» ҰКП жаңа Салық кодексін әзірлемек

«Атамекен» ҰКП жаңа Салық кодексін әзірлемек

«Атамекен» ҰКП жаңа Салық кодексін әзірлемек
ашық дереккөзі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа Салық кодексі жобасын әзірлеу және оны кеңінен талқылау бағытында жұмысын бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті. «Қосымша құн салығының шекті мөлшерін төмендету мәселесі қоғамда қызу талқыға түскені белгілі. Алдағы уақытта шағын және орта бизнеске артылатын қосымша салық жүктемесінің өсу қаупі жөнінде Қазақстанның танымал экономистер тобы ортақ пікірлерін де жариялаған болатын. Салық заңнамасының қиындай түсуі мен оны орындауда бизнеске салынатын алымдардың өсуі салдарынан еңбекақы қорында да жүктеменің артуына қатысты туындайтын сұрақтар өз алдына бөлек мәселе», – деді А. Мырзахметов. Басқарма төрағасы кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, жаңа Салық кодексін әзірлеу туралы бастама көтерілгенін жеткізді. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған сұрақтың кәсіпкерлер үшін маңыздылығын ескере отырып, экономистердің пікіріне қолдау танытуда. Бизнестің мүддесін есепке ала отырып, жаңа Салық кодексін 2017 жылдың 1 мамырына дейін әзірлеу туралы бастама көтерді. Жаңа салық кодексінің басты мақсаты – шағын және орта бизнеске салынатын салық жүктемесін азайту және салықтық әкімшілікті оңтайландыру. Бұл іскерлік белсенділікті арттыруға және бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ынталандырады», – деді ол.