Франциялық компания Қазақстанда құсбегілік жайлы деректі сериал түсіреді

Франциялық компания Қазақстанда құсбегілік жайлы деректі сериал түсіреді

Франциялық компания Қазақстанда құсбегілік жайлы деректі сериал түсіреді
ашық дереккөзі
Бұл туралы Құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Биылғы жарыстардың шымылдығы ақпан айының басында Павлодарда өтетін жастар арасындағы XIV құсбегілік чемпионатымен ашылып, Қызылордада өтетін ересектер арасындағы чемпионатпен жалғасын таппақ» деп жазылған Берік Уәли бөліскен хабарламада.
Сондай-ақ Францияның «Les films de la découverte» компаниясының «Орталық Азия ойындары» жобасы аясында Қазақстанға келетіні жайлы айтылды.
«Франциялық компания деректі сериал циклінің бір бөлімін құсбегілікке арнамақ. Шығармашылық топ наурыз айында елге келуді жоспарлап отыр» делінген жазбада.