Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді
ашық дереккөзі
Алматыда Төле би және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан үш қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Төле би көшесі, 177Б мекенжайындағы ғимаратта өрт шыққаны жайлы хабар өрт сөндірушілерге сағат 19:23-те түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ескі ғимараттың жанып жатқанын анықтады.
«Оқиға орнында өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды. Өрт оңтүстік және солтүстік жағынан оқшауланды. Автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Осылайша, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнына 10 бірлік техника, 50 жеке құрам жұмылдырылды», - деп түсіндірді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 20:35-те сөндірілді.