«Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы өсті
26 қаңтар, 2022 /
Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
«Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы өсті
Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру қолға алынды;
ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілді;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания 70 млрд теңге бөлген.