«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды» деп жазылған ресми хабарламада.Ержан Сәденов 2019 жылдың 24 сәуірінен бері Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарып келген.