«Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр» - Қазыбек Иса (ВИДЕО)

«Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр» - Қазыбек Иса (ВИДЕО)

«Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр» - Қазыбек Иса (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алматыдағы қырғын кезінде алаңға бейбіт түрде шыққан кейбір адамдардың нақақтан-нақақ азапталып жатқанын айтып, Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Ол “жазықсыз жандарды азаптауды дереу тоқтату керек” дейді. Сосын тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр. Төңкеріс жасауға нақты кімдердің мүдделі болғанын, қарулы топты кімдер басқарып, оларға кімдердің қолдау көрсеткенін жұрт білуі тиіс деді. Тіпті қажет десе, парламенттік тыңдау өткізу керек деген бастама көтерді.
«Түрлі ақпараттарға қарасақ, қазір содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр. Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер, бәрі түгел анықталып, толық жауапқа тартылуы тиіс!» – деді депутат.
Тағы оқи отырыңыз: «Шаш ал десе, бас алатын» полицейлер жазаларын алуы керек» – Мәжіліс депутаты