Жүргізуші куәлігін сатып алуға «көмектескен» ер адам ұсталды

Жүргізуші куәлігін сатып алуға «көмектескен» ер адам ұсталды

Жүргізуші куәлігін сатып алуға «көмектескен» ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда 25 жастағы адам жүргізуші куәлігін сатып алу бойынша қызметтер көрсетіп келген, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, алаяқ бейтаныс адамдарды «куәлік жасап беремін» деп сендіріп, ақша алып отырған. Қолына ақша тиген соң телефонын өшіріп, хабар үзген.
«Біздің бөлімшеге бірден бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті сенімге кіріп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген. Сөйтіп, әрқайсысынан 150 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Алайда, құжат та, ақша да қайтпаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сотталушының бірнеше осындай дерекке қатысы бар екені белгілі болды. Қазір 9 дерек ресми түрде тіркелді», - деді Дидар Аханов.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.