Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

26 қаңтар, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері қанша сыйақы алады? Келесі аптада Қытай астанасында басталатын қысқы Олимпиадада үздіктердің қатарында көрінетін спортшыларға мемлекеттік резервтен бөлінген сыйақы беріледі, деп жазды turkystan.kz. І орын – 250 мың АҚШ доллары (109 млн 129 мың 500 теңге); ІІ орын – 150 мың АҚШ доллары (65 млн 477 мың 700 теңге); ІІІ орын – 75 мың АҚШ доллары (32 млн 738 мың 850 теңге). Әзірше Қазақстан жарыстарға 100 делегат жібереді. Оның 34-і – спортшылар. Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.