20 жастағы округ әкімі әскерге бару үшін қызметінен бас тартты

20 жастағы округ әкімі әскерге бару үшін қызметінен бас тартты

20 жастағы округ әкімі әскерге бару үшін қызметінен бас тартты
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Спасов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Асқар Отан алдындағы борышын өтеу үшін лауазымды қызметтен кетті, деп жазды turkystan.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Жалғас Асқар 2001 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Тоғызыншы сыныпты бітірген соң жергілікті экономикалық колледжіне оқуға түсіп, заңгер мамандығын меңгерді. 2021 жылдың көктемінде Жалғас Қанатұлы Қапшағай гарнизонының авиация базасына әскерге Петропавлдан шақырылды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Колледждегі оқуын бітірген соң Спасов ауылдық округінің әкімдігіне жетекші маман болып жұмысқа орналасқан ол жақсы нәтиже көрсеткені үшін округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. Дегенмен Жалғас әр адам жағдайға қарамастан, өзінің конституциялық міндетін орындауы тиіс деп есептейді.
«Әкім болғаныма қарамастан, менің әрдайым әскерге барғым келетін. Әуе қорғаныс күштеріне шақырылған соң мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонында мерген сарбаз қызметіне кірістім. Мен көп нәрсе үйрендім, көп дос таптым», – дейді жас сарбаз.