ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттады

ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттады

ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттады
ашық дереккөзі
Eurasian Resources Group Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап, әлеуметтік жауапты компания ретінде арнайы құрылған «Қазақстан халқына» қорына 30 миллиард теңге бағыттады, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Айта кетсек, ERG кәсіпорындары 27 жыл бойы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты әрі сүбелі үлес қосып келеді. Осы 27 жыл ішінде еуразиялық топтың өңірлерге құйған инвестицияларының жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асқан. Соның ішінде облыс әкімдіктерімен дәстүрлі түрде жасалатын жыл сайынғы меморандум аясындағы қаражат та бар. Компания қолдауымен әлеуметтік, білім беру, спорт пен медициналық инфрақұрылымды дамыту бойынша 100-ден астам нысан бой көтерген. 2021 жылы жаңа «ERG mektepke» бағдарламасы қолға алынған. Ол топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде орта білім беру жүйесін қолдап, инженерлік-техникалық мамандықтар мен ақпараттық технологияларды кеңінен тартуды көздейді. Ауқымды бағдарлама қазір 280 мектепті қамтыды. Бұдан бөлек, 2017 жылдан бері ERG «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Ол жастар мен оқытушыларға кәсіпкерлік саласында қажетті дағдыларды меңгеруге септесті. Бес жылда 5 мыңнан астам студент кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. Ондаған бизнес идея жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылды. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға қатысушы жастармен Қостанай қаласында жүздесті. Хромтау, Рудный, Қашар, Октябрьский кенті, Ақсу мен Ақтөбе қалаларында топ кәсіпорындарының спорт кешендерінде балаларға тегін спорттық секциялар ашылып, онда 2 500 бала спортпен тұрақты шұғылданып жүр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ERG 377 миллиард теңге салық төлеген. Бұл 2020 жылғы меже – 228 миллиард теңге көлеміндегі ERG-нің толық салық үлесінен 65 пайыз көп. ERG 2016 жылдан бері қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын тұрақты ұлғайтып келеді. Халық көптен тұтынатын тауарлар бағасының өсіміне орай, 2021 жылы еңбекақы 2 мәрте өсірілген. 2022 жылы қаңтардың 1-інен бастап топтың қазақстандық кәсіпорындарындағы өндірістік персоналдың еңбекақысы орта есеппен 20-35 пайыз өсті. Бұл мақсатқа ERG қосымша 70 миллиард теңге бағыттады. Компания ел дамуына тікелей үлесінен бөлек, экономиканың ілгерілеуіне жанама түрде де ықпалын тигізіп отыр. Топ кәсіпорындары орналасқан барлық өңірлерде бизнестің дамуына барынша септесіп келеді. Тек 2019-2020 жылдары ERG қолдауымен осы өңірлердегі бизнес 4,56 триллион теңгенің өнімін шығарды. Қазақстандағы 60 мың адамдық еңбек ұжымдарынан бөлек, топ елде 146,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнының құрылуына септесіп, қолдап отыр.