Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды
ашық дереккөзі
Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты. "Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол "Қазақфильмге" барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды", - деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды. Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.