Атырауда 6 млн теңгені қалтасына басқан мектеп директоры сотталды
Атырауда 6 млн теңгені қалтасына басқан мектеп директоры сотталды
Мектеп басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Сөйтіп, білім ошағына 6 миллион теңгенің шығынын келтірген, деп жазды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, білім мекемесінің басшысы міндетін асыра пайдалана отырып, соңғы 3 жылда қомақты қаржыны жымқырған. Куәгерлер мен жәбірленушілердің айғағын тыңдап, сараптама және тексеру материалдары қорытындысын зерделеген сот экс-директорға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылған сотталушы шығынды толығымен өтеді.