Жаңалықтар

«Бейжің – 2022»: Ұлттық құрамаға қанша қаржы бөлінді?

ашық дереккөзі

«Бейжің – 2022»: Ұлттық құрамаға қанша қаржы бөлінді?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңдегі додаға қатысатын Қазақстан құрамасына бөлінген қаржының көлемін жариялады, деп жазды turkystan.kz. «Негізі, Бейжің Олимпиадасына ел бюджетінен 250 миллион теңге бөлу жоспарланған болатын. Бірақ түпкі сома 228 миллионға дейін қысқарды. Себебі, жарыс ұйымдастырушылары делегациялардың құрамын азайтып жатыр», - деді бас хатшы. Айта кетері, Бейжің қаласындағы XXIV қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. Жарыстар Яньцин, Чжанцзякоу және ел астанасы – Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 8 түрі бойынша 87 лицензия бар. Ел намысын 34 атлет қорғайды.