Жаңалықтар

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы отставкаға кетті

ашық дереккөзі

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы отставкаға кетті

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның бас директоры Питер Гриффитстің өкілеттігі тоқтатылды, деп жазды turkystan.kz. Питер Гриффитс өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішті 2021 жылдың желтоқсан айында жазған. Оның өкілеттігі биылғы жылдың 7 ақпанында тоқтатылады. «Питер Гриффитс «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамында 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен азаматтық авиацияны басқару бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық модельге сәйкес авиациялық әкімшіліктің қалыптасуы өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет енгізіліп, ТМД елдері арасында бірегей болып танылды», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. 7 ақпаннан бастап Линда Орлэди «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының міндетін  уақытша атқаратын болады. Ол бұған дейін бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің басшысы қызметтерін атқарған.