Жол-көлік апатына кінәлі полицей оқиға орнынан қашып кеткен

Жол-көлік апатына кінәлі полицей оқиға орнынан қашып кеткен

Жол-көлік апатына кінәлі полицей оқиға орнынан қашып кеткен
ашық дереккөзі
«Алматы-Талғар» тас жолында Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda Stream көлігімен соқтығысқан. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Honda Stream көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы облыстық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, 20 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Toyota Prado жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер жол талғамайтын көлікті ішкі істер органының қызметкері басқарғанын анықтады. Осы факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, облыстық ПД тәртіптік комиссиясының шешімімен ол қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін ішкі істер органдары қызметінен босатылды. Қазір оқиғаны объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.