«Иттің баласы»: Байден өзі тіл тигізген тілшіден кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Иттің баласы»: Байден өзі тіл тигізген тілшіден кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Иттің баласы»: Байден өзі тіл тигізген тілшіден кешірім сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Джо Байден иттің баласы деп балағаттаған Fox News телеарнасының журналисі Питер Дуси өзіне президентінің телефон соғып, өзара татуласқанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Оқиға Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында болған. Президенттің сөзінен кейін ұйымдастырушылар тілшілерден залдан шығуды талап еткен. Сол кезде журналистер өз сұрақтарын қоя бастайды. Fox News журналисі Питер Дуси Украина төңірегіндегі жағдай туралы айтқысы келмеген Джо Байденге инфляцияға қатысты сұрағы бар екенін дауыстап жеткізеді. Сол кезде президенттің «Не деген ақымақ едің, иттің баласы!» деген сөзі тікелей эфирге шығып кетеді. Осы әңгімеден бір сағат өткен соң журналист пен президент арасында телефон арқылы әңгіме өрбіген. Тілші Ақ үй басшысы екеуінің татуласқанын айтады.
«Ол менің ұялы телефоныма қоңырау шалды. Сосын «Бұл жеке шаруа емес, жолдас» деді. Мен басқаларға қарағанда әртүрлі сұрақтар қоя беретінімді айттым. Ол: «Сіз міндетіңізді атқаруыңыз керек» деп қоштады», - деді Fox News тілшісі.