Қақтығысқа қатысып, әкімдікке басып кірген екі көпбалалы ана ұсталды (ВИДЕО)

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде облыс әкімдігіне бір топ адамның, оның ішінде әйелдердің қалай басып кіргенін көрсететін видеоны жариялады. Бұзақылық жасаушылардың арасында әйелдер де бар, деп жазды turkystan.kz.

Тәртіпсіздік кезінде көпшілікпен бірге облыстық әкімдіктің ғимаратына басып кірген екі көпбалалы ана қамауға алынды. Олардың бірі – 7 баланың анасы. Оның ең кенже баласы – 7 айлық. Ал ұсталған екінші әйелдің 5 баласы бар.

«Қызылордада 5 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 2 әйел митингке қатысушылармен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына заңсыз басып кіріп, жаппай тәртіпсіздік жасаған. Видеодан көрініп тұрғандай, Н.Ж. және Б.З. құқық қорғау қызметкерлеріне тас лақтырып, әкімдіктің темір қоршауына шығып, бір мезгілде балағат сөздер айтқан», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі («Жаппай тәртіпсіздікке қатысу») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 2 әйел де қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Денсаулықтары мен қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескере отырып, негізгі жаза – үйқамаққа ауыстырылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі әрбір факт полиция тарапынан мұқият зерделенетінін баса айтты. Кейін соның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button