Жаңалықтар

«Күн сәулесінен қуат алады»: Tesla телефон шығарды

ашық дереккөзі

«Күн сәулесінен қуат алады»: Tesla телефон шығарды

Tesla компаниясы күн сәулесінен қуат алатын алғашқы смартфонын таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz. Әзірлеушілер Tesla Phone құрылғысы нарықтағы алыптармен бәсекеге түсіп қана қоймай, олардың арасындағы ең озық смартфон бола алатынына сенімді. Смартфонға күн сәулесі жарты сағат түсіп тұратын болса, құрылғы 20%-ға қуатталады. Күн панелі ұялы телефонның артқы жағында орналасқан. Мұндай телефоны бар адам кез келген сапарға алаңсыз шыға алады. Өйткені телефон электр қуатына тәуелді емес.