Анталияда 29 жылдан бері қар жаумаған

Анталияда 29 жылдан бері қар жаумаған

Анталияда 29 жылдан бері қар жаумаған
ашық дереккөзі
Анталияның курорттық провинциясында кейінгі 29 жыл бойы қар жаумаған, деп жазды turkystan.kz. Түркиялықтар биыл қалың қардың астында қалғалы тұр. Елде бірнеше күннен бері қар жауып тұр. Осылай жалғаса берсе, кей жерлерде жауған қардың биіктігі 20 см-ге дейін жетуі мүмкін. Синоптиктердің болжамы бойынша, қардың жаууы 26 қаңтар күні таңертең бәсеңдейді. Жергілікті тұрғындар ауа райының мұндай құбылысы Анталияда соңғы рет 1993 жылы 7 қаңтарда болғанын айтып жүр. Ол кезде жерге түскен қардың биіктігі 5 см-ге жеткен.