«Елеусіз қалдырды»: Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот отырысы болады

«Елеусіз қалдырды»: Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот отырысы болады

«Елеусіз қалдырды»: Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот отырысы болады
ашық дереккөзі
2022 жылдың 26 ​​қаңтарында сағат 14:30-да бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайлы Елжан Біртанов әлеуметтік желіде ақпарат таратты.
«Заңсыз және біржақты қылмыстық тергеу барысында маған көрсеткен шынайы қолдауларыңыз үшін барлықтарыңызға өзімнің және отбасымның атынан алғыс айтамын. Менің кінәсіздігіме деген сенімдеріңіз маған моральдық қолдау болып отыр. Осы уақыт бойы адвокаттарыммен бірге кінәсіздігімізді дәлелдеуге тырыстық. Бірақ, біздің барлық уәждерімізді тергеу органы, қадағалау прокурорлары және тергеу соттары елеусіз қалдырды», - деп жазды Елжан Біртанов фейсбук парақшасында.
Экс-министр сот отырысы әділ өтетініне үміттеніп отыр.