Жаңалықтар

Nur Otan-ның кезектен тыс XXI съезіне өңірлерден 399 делегат сайланды

ашық дереккөзі

Nur Otan-ның кезектен тыс XXI съезіне өңірлерден 399 делегат сайланды

Партияның кезектен тыс ХХІ съезіне өңірлерден 399 делегат сайланды, деп хабарлады turkystan.kz. «Nur Otan-ның өңірлік саяси кеңестері отырыстарының қорытындысы бойынша (Жарғының 8.3.1. тармағына сәйкес), партияның 28 қаңтардағы кезектен тыс XXI съезіне 399 делегат сайланды», - деп жазылған партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, онлайн-форматта өтеді.