ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«Қазақстан даму банкі» АҚ-ның басшысы Абай Сарқұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазды turkystan.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», – делінген хабарламада.

25 қаңтардан бастап бұл лауазымның міндетін атқару Сандуғаш Кенжебаеваға жүктелді. Ол бұған дейін банк басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

«Қазақстан даму банкінің ұжымы Абай Сарқұловқа тиімді жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы кәсіби қызметіне толайым табыс тілейді», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button