Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қанша қазақстандық аттанады?

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қанша қазақстандық спортшының өнер көрсететінін айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Ойындар 3 спорт кластерінде өтеді. Бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып, 109 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бейжіңде ел намысын қорғайтын олимпиадалық команда құрамында 34 спортшы бар. Бұл алдыңғы олимпиадаларға қарағанда біршама аз. Жолдамалардың басым бөлігін шаңғышылар (35), конькимен жүгірушілер (12) және биатлоншылар (12) жеңіп алды», – деп түсіндірді ҰОК өкілі.

Бұдан бөлек, шорт-трек бойынша 9, фристайл-акробатика бойынша 4, фристайл-могул бойынша 6, трамплиннен шаңғымен секіру бойынша 4, тау шаңғысы спорты бойынша 3, ал шаңғы үшсайысы бойынша 3 спортшы өнер көрсетеді.

Андрей Крюков қазір спортшылар дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп, карантиндік аймақтарда орналасқанын еске салды. Олардың екеуі  Қазақстанда болса, үшеуі – шет елде.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button