Жаңалықтар

Қарттар үйі мен «Қазпошта» қызметкерлері зейнеткерлердің ақшасын жымқырып келген

ашық дереккөзі

Қарттар үйі мен «Қазпошта» қызметкерлері зейнеткерлердің ақшасын жымқырып келген

Қарағанды облысында жылдар бойы қарттарға тиесілі қаражатты жымқырып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақты айтқанда, Абай ауданындағы қарттар үйінің қызметкерлері мен «Қазпошта» филиалы бірігіп, 5 жыл бойы сонда тұрып жатқан қарттардың зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқырып келген. Сыбайластар қаңтар айында түскен осындай оңай олжаны өзара үлестіру барысында ұсталды. «Аталған 1 миллион теңгеден астам қаражат – 25 адамның ғана ақшасы», - дейді құзырлы орган өкілдері. Ал әлеуметтік мекемеде 60 зейнеткер мен 30 шақты мүгедек тұрады. Олардың осы уақытқа дейін қанша мемлекеттік көмектен қағылғаны тергеу барысында белгілі болмақ. Қазір қылмыстық іс жан-жақты зерттеліп жатыр.