«Тоқаевтың қатаң басшылығымен...»: ҚХР төрағасы қаңтар оқиғасын сөз етті

Орталық Азия елдері мен Қытайдың дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай өткен «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде Си Цзиньпин Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты пікірін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкелді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатаң басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашақ ашады деп сенемін», – деді ҚХР төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button