Автокөлік көпірден құлап, жеті студент қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 7 жолаушысы бар көлік көпірден құлады. Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан жолаушылардың барлығы – жергілікті медициналық колледждің студенттері, деп жазды turkystan.kz.

Апат штаттың шығысындағы Селсура қалашығында болды. Алдын ала деректерге қарағанда, студенттердің бірі рөлге ие бола алмай қалып, автокөлік биіктіктен өзенге құлаған. Қаза тапқандардың мәйіттерін жағаға шығаруға 3 сағаттан астам уақыт кетті.

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-дегі парақшасына жазба қалдырып, сейсенбі күні жастардың өліміне байланысты көңіл айтты.

«Махараштра штатындағы Селсура қалашығында болған апат салдарынан адамдардың қаза тапқанына қайғырып, көңіл айтамын. Осы сағатта жақындарынан айырылғандармен біргемін» деп жазды Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button