Өскеменде алаяққа алданған жігіт баспанасынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны алаяқ әйелдің сөзіне сенемін деп жылжымайтын мүлкінен айырылып қалды, деп жазды turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Жігіттің айтуынша, өзін алдап соққан көршісі жатақханадағы бөлмесін иеленіп алған. Осының салдарынан жәбірленушіге 3,5 миллион теңгенің материалдық шығыны келген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, әйел зардап шегушінің психоневрологиялық есепте тұратынын біле тұра, оған мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алған. Кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін сатып жіберген», – делінген ақпаратта.

Қазір ұсталған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button