Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

«Аз ақшаға бола бокстасқым келмейді» - Сәкен Бибосынов

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов өзбекстандық Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовқа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Vesti.kz-тің ақпаратына сүйенсек, ол Досматовпен қандай шартпен бокстасатынын айтқан. Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов Sport.uz сайтына берген сұхбатында Сәкен Бибосыновпен қайта жұдырықтасқысы келетінін жеткізген болатын. Бірақ қашан, қайда кездесетінін айтпады.

«Хасанбай Досматов – Рио Олимпиадасының жеңімпазы, Уэль Баркер кубогының иегері. Былтыр Сербияда өткен әлем біріншілігінде Хасанбаймен кездесіп, жеңіске жеттім. Ол менімен жұдырықтасқысы келетінін журналистерге айтқан екен. Әрине, екінші рет кездесуге қарсы емеспін. Екі тарап келісімге келіп жатса, жұдырықтасамын. Қай салмақ болса да. Келісім беремін. Ұйымдастыру тарапы күнін, уақытын белгілеп жатса, жұдырықтасамыз. Сосын гонорары аз болмауы керек. Менің де жетістіктерім баршылық. Азия мен әлем біріншілігінің және олимпиаданың қоласын алдым. Дүние жүзінің чемпионы атанып, аз ақшаға бола бокстасқым келмейді. Егер ұсыныстары көңілімнен шықса, жұдырықтасуға дайынмын», – деді Сәкен Бибосынов.

Сондай-ақ, ол кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін, бірақ оның әлі нақты уақыты белгісіз екенін айтты.

«Басты мақсатым, балалық шағымнан арманым – Олимпиада чемпионы атану. Алла қаласа, 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысып, алтын үшін барымды саламын. Содан кейін жеке бапкерім Мырзағали Айтжановпен ақылдасып, ақ батасын алып, кәсіпқойға ауысамын», – деді боксшы.

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button