Күдікті жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан

Күдікті жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан

Күдікті жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан
ашық дереккөзі
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы келіншек жазадан құтылу үшін түсік түсіргені туралы әңгіме құрастырған, деп жазды turkystan.kz. Қалалық Полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, келіншек 2021 жылдың желтоқсан айында www.krisha.kz сайтына пәтерді жалға беру туралы жалған хабарлама жариялаған. Сөйтіп, алаяқтың хабарламасына сенген 26 жастағы қала тұрғыны алданып қалған. Ол өзін Марина есімді риэлтормын деп таныстырған әйелдің есепшотына 80 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң «риэлтор» ұялы телефонын өшіріп, байланысқа шығуды доғарады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ақша аударылған банк картасының иесі анықталған. Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. 190-бабқа сәйкес тергеу жүріп, оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
«Азаматша Т. қоғам пікірін қолдану арқылы жазадан жалтаруға тырысқаны ерекше назар аудартады. Әлеуметтік желіде әйел бейнежазба жариялап, өзін полиция бөлімінде соққыға жығылып, соның салдарынан түсік жасатқаны туралы жалған ақпарат таратты. Кейін азаматша өз кінәсін мойындап, қоғам алдында кешірім сұрады», - деді Рустам Әбдірахманов.