Ресей мәйітханасында адам тіріліп кетті (ВИДЕО)

Ресей мәйітханасында адам тіріліп кетті (ВИДЕО)

Ресей мәйітханасында адам тіріліп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
24 қаңтарда Тверьдегі мәйітханалардың бірінде түсірілген тірі мәйіт туралы видео ресейлік телеграм-арналарда тарады, деп жазды turkystan.kz. Ролик бейнебақылау камераларынан түсірілгендей әсер қалдырады. Кадрдан ер адамның үстіне жабылған ақ матаны қалай ысырып тастап, үстелден көтерілгенін көруге болады. Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі бұл бейненің жалғандығын жариялады.
«Бұл видео – фейк. Тверьде бейнежазбадағыға ұқсас мәйітхана жоқ. Тверь мәйітханаларының бірі ретінде түсірілген бөлме мәйітханаға ұқсамайды», - деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Біраздан кейін интернеттегі кинотеатрлардың бірі тірі мәйіт түсірілген үзінді фильмдегі кадрлар екенін мойындады.
«Біз бұл жаңалықта пайда болған видео трейлерден желіге түсірілген кадрлар екенін хабарлағымыз келеді», - делінген кинотеатрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.