Министр коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

Министр коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

Министр коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады, деп жазды turkystan.kz. Министрдің айтуынша, өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайған.
«Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Ең көп өсім Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында 25 есе өсу байқалды. Өлім-жітім барлық өңірде төмен», - деді Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.
«Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-күні аяқталады», - деп түсіндірді министр.