Бүлік кезінде 300 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды

Бүлік кезінде 300 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды

Бүлік кезінде 300 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылордадағы тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер «Актив Ломбард» ЖШС-ін тонап, 300 миллион теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған. Жуырда ұрылар полиция қызметкерлерінің қолына түсті, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қылмыстық іс «Аса ірі көлемдегі ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған полиция хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.