Алматы әкімдігіндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Алматы әкімдігіндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Алматы әкімдігіндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
ашық дереккөзі
Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласында 291 нысан зақымданған болатын. Оның 62-сі - әкімшілік ғимараттар. Ал ең көп зақым келген нысандардың бірі – қала әкімдігі, деп жазды turkystan.kz. Қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, қазір шаһардағы зақымданған 11 тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп, оқ тиген 51 пәтердің терезесі ауыстырылған.
«Жұмыс комиссиясы 281 бизнес нысанды жөндеу қажеттігін анықтады. Оның 8-і күрделі жөндеуді талап етеді. Қазір техникалық тексеру, мемлекеттік сараптама жұмыстары басталды. Ал 13 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді Мұхит Әзірбаев.
Әзірге ірі 10 нысанды жөндеу бойынша алдын ала шығын есептелген. Бұл мақсатқа 29 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. 28 ғимаратты жеке кәсіпкерлер жөндеп беретін болды. Олардың қатарында денсаулық сақтау, аудандық полиция ғимараттары мен бекеттері бар. Ал өртеніп кеткен ұлттық арна филиалының ғимараты мен қалалық әкімдіктің күрделі жөндеу жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс.