5 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі

5 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі

5 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі
ашық дереккөзі
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтерге арналған жаңа ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылады, деп жазды turkystan.kz. Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен жыл сайын миллиард теңге бөлінеді. Несие бойынша мөлшерлемесі – 5%. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарлама талаптарына сәйкес, пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Ипотека қатысушылары бірінші немесе екінші нарықтағы пәтерді өздері таңдайтын болады. Егер баспананың құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе БЗТ-нен төлейді. Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.