«Мемлекеттік органдар қаңтардағы оқиғаларды объективті бағалауға мүдделі» – Ерлан Қарин

«Мемлекеттік органдар қаңтардағы оқиғаларды объективті бағалауға мүдделі» – Ерлан Қарин

«Мемлекеттік органдар қаңтардағы оқиғаларды объективті бағалауға мүдделі» – Ерлан Қарин
ашық дереккөзі
Мемлекетттік хатшы мұндай пікірді құқық қорғаушы Айман Омаровамен кездесуі жайлы жазған жазбасында білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Айман Омарова жақында Қаңтар оқиғасын қоғамдық тергеу бойынша комиссия құру туралы бастама көтерген болатын. Айман тергеуге қажетті материалдарды жинауға, тәртіпсіздік барысында зардап шеккен алматылықтардың пікірін зерделеуге және құқық қорғау органдарына түрлі сұрау салуға ниетті. Комиссия құрамына қылмыстық іс жүргізуге маманданған белгілі құқық қорғаушылар, адвокаттар кірді. Сонымен қатар, Айман Омарованың өзі елімізде ғана емес, шет елде де зорлық-зомбылық экстремизмі мәселелері жөніндегі маман ретінде танымал. Біз ұдайы хабарласып отырамыз деп келістік», - деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары да орын алған оқиғаларды объективті әрі ашық түрде бағалауға мүдделі екенін жазды.
«Сондықтан әртүрлі құқық қорғау топтарымен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен Эльвира Әзімовамен бірге қазіргі уақытта өңірлерге шығып (Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы), қамауға алынған азаматтардың жағдайы мен олардың ұсталуын зерттеп, шағымдары мен өтініштерін қарайды. Сондай-ақ, біз де ол азаматтармен үнемі хабарласып отырамыз және олардың арыз-шағымдарына жедел ден қоямыз», - деді Мемлекеттік хатшы.
Ерлан Қарин жақында белгілі адвокат Абзал Құспанмен де кездесті. Ол да Қаңтардағы оқиғаға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға қатысты жағдайларды зерттеу үшін қоғамдық комиссия құрған.