17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салды (ВИДЕО)

17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салды (ВИДЕО)

17 жастағы бозбала бүтін бір отбасын қырып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жантүршігерлік оқиға Ресейдің Омбы облысы Юрьевка ауылында болған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Жергілікті полицияның дерегінше, күдікті - сол үйде тұратын  14 жастағы  қыздың сүйіктісі. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жігіт қыздан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен  әкесі ол екеуінің кездесуіне қарсылық танытқан. Сондықтан бұл қылмысқа ата-ананың  тыйымы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Күдікті  алдымен қыздың анасын бауыздаған, онан кейін ұйықтап жатқан әкесін өлтірген. Әуелде 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен көрінеді. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмған. Мұның бәрін күдіктінің өзі жауап алу кезінде айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсеткен.
- Қаскүнем 38 жастағы ауыл тұрғыны мен оның 36 жастағы әйелін және 10 жастағы мүгедек қызын өлтірген. Тек екі бала – 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған. Аталған факті бойынша қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды, - деді РФ Омбы облысы тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Лариса Болдинова.