Ғазымбек Бірімжанның ешқайда жарияланбаған фотосы табылды

Ғазымбек Бірімжанның ешқайда жарияланбаған фотосы табылды

Ғазымбек Бірімжанның ешқайда жарияланбаған фотосы табылды
ашық дереккөзі
Мәскеу орталық архивінен Алаш тұлғаларының бірі - Ғазымбек Бірімжанның бұрын ешқайда жарияланбаған суреті табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Сүйінші жаңалықты Ғазымбек Бірімжанның Ресейде тұратын ұрпағы Лейла Айтхожина қайраткерді кеңінен зерттеп жүрген жас ғалым Данияр Ихсанға жолдаған.
«Ғазымбек Бірімжанның суреті табылды. 1917 жылы түсірілген. Суретті ұрпағы Лейла Айтхожина апайымыз жіберді» деп жазды жас зерттеуші Данияр Ихсан әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, бұл - әзірге Ғазымбектің жеке түскен жалғыз фотосы. Айта кетейік, Лейла Айтхожина - Ғазымбектің інісі Нұрхан Қорғанбекұлынан туған Зораның қызы. Ол басқа салада қызмет етсе де, ата-бабасы, әулеті туралы архив ақтарып, деректер жинап жүр. Данияр Ихсан Тurkystan.kz тілшісіне Ғазымбек Бірімжанға қатысты өзге де тың ақпараттардың табылып жатқанын мәлімдеді.
«Архив құжаттары толық зерделенген соң, қосымша ақпараттар беріледі», - деді ол.