Қайтадан 4 пайыздық автонесие берілуі мүмкін

Қайтадан 4 пайыздық автонесие берілуі мүмкін

Қайтадан 4 пайыздық автонесие берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта қолға алмақ. Бұл жайында вице-министр Марат Қарабаев «Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» бағдарламасында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Оператор РОП» қызметі тоқтатылып, «Жасыл Даму» АҚ-на берілгеннен кейін Үкімет қаржыны жеңілдетілген автонесилеу бағдарламасын жандандыруға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатыр», - деді Марат Қарабаев бағдарлама барысында.
Бірақ бұл несие нақты орта кластағы көліктерге ғана арналуы мүмкін.
«Бюджеттік автомобильдер санатын жасап, нақты бір сомадан аспауын қадағалаймыз. Ол соманы әлі де талқылаймыз. Осы тетік бойынша халықтың көлік алуына ғана жол ашпай, қалалардың автобус паркін де жаңартуды ойластырып жатырмыз», - деді министрдің орынбасары.