Құтқарушылар дәретхана шұңқырына түсіп кеткен баланы алып шықты (ВИДЕО)

Құтқарушылар дәретхана шұңқырына түсіп кеткен баланы алып шықты (ВИДЕО)

Құтқарушылар дәретхана шұңқырына түсіп кеткен баланы алып шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы арқанның көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ДЧС Туркестанской области (@turkistan_tjd)